Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Казахстан отдела образования по Зерендинскому району управления образования  Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қазақстан ауылының жалпы бастауыш білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушы мен ата-анаға арналған психологиялық кеңестер

19.05.2020

Оқушы мен ата-анаға арналған психологиялық кеңестер

Оқушы, Сен үшін!

 

Психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек?

Қиын ситуация кезінде өзіңді жоғалтып алмау үшін, шамадан тыс мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ. Барлық нәрсені біртіндеп жасаған жөн. Емтиханға алдын-ала, біртіндеп, тыныштықты сақтап дайындала баста. Егер ойды жинақтау қиын болса, жеңілін есте сақтап, сосын  қиын материалды  үйрен. Ішкі қатаюдан, шаршағаннан арылу үшін  жаттығуды күнделікті орында.

 

Көзің шаршаса не істейсің?

Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса, онда ағзаң шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің  жетпейді. Сондықтан,  көзіңнің демалуына жағдай жасап,төмендегі  жаттығуды орындау керек:

  •  

кезегімен жоғары-төмен жиырма бес секунд, оңға- солға он бес секунд қара;

көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз;

  •  

бір затқа ұзақтығы  жиырма секунд, содан кейін алдыңдағы  қағазға  жиырма  секунд қарау керек;

сағат тілінен кері қарай, көз қарашығыңмен квадрат, үшбұрыш, төртбұрыш  сал.

Ата-ана, Сіз үшін!


 

  •  

Баланы жетістіктері үшін мақтаңыз. Бала жетістікке жеткенде сіздің қолдауыңызды сезінуі тиіс.

Баланы жақсы көріңіз! Баланың ата-анасы емес досы болуға тырысыңыз.

Шыдамды болыңыз. Баланың жаңаны меңгеруіне уақыт беріңіз.

Жағымды қарым-қатынас жасаңыз. Баланы қорқытпаңыз. Өзін дұрыс ұстай білуге үйретіңіз.

Өзіңіз емес, балаңыздың жасағысы келетін істерге көбіне жол беріңіз. Оны мәжбүрлеу арқылы балада теріс мінездің қалыптасуына жол беретіндігіңізді ұмытпаңыз.

Өзіңіздің талаптарыңыздан демалуға мүмкіндік беріңіз.

Балаға еңбекқор, батыл, ақылды, тапқыр, ұқыпты, сүйікті, білімді дегендей сөздерді жиі айтыңыз.

Үй жұмыстарын өз бетінше атқаруға міндеттеңіз.Ол жұмыстардың орындалуына үлкендерге қойылған талаптарды қойыңыз.

Бала бойында  сенімділікті орнатыңыз: мысалы: «Сен-ақылдысың», «Сен- батылсың», «Сенің қолыңнан бәрі келеді».т.с.с

Өз балаңызға сеніңіз. Сіздің сеніміңіз баланың жағымды істерін жүзеге асыруға көмектеседі.

Әртүрлі жағдайлардың болатындығы туралы айтыңыз және шешімін табуға үйретіңіз.

Баланы құшақтап, мақтауды ұмытпаңыз!

 

 

Просмотров: 237


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст